Облыстық полиция бастығы тұрғындарды қабылдады

Ақтөбе облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов тұрғындарды қабылдады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қабылдау «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өтті. Қандыағаш қаласының тұрғыны Сергей Павловский 2010 жылы Ресейге қоныс аударған. Бірақ азаматтық ала алмай 2016 жылы Ақтөбеге қайта келді. Қазақстан азаматтығын алу мүмкін емес. Себебі Ресей жеріне тұрақты тұруға кетіп, құжаттарын толық рәсімдеген. Ал Ресейге қайта оралуға қаржылық мүмкіндігі қиындық тудырды. Несие алып, оны қайтара алмай, банк Қазақстаннан шығуға тыйым салған.

Айта кетейік, Полиция бастығы Атығай Арыстанов облыстық көші-қон басқармасына Сергей Павловскийдің мәселесін қарап, заң аясында көмек көрсетуді тапсырды. Сонымен қатар қабылдауға Қарғалы ауданының тұрғыны да жазылған болатын. Бірақ ол келе алмады.

«Полиция ең алдымен халыққа қызмет көрсетуі керек. Мұндай қабылдау жан-жақты, нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді», — деді Атығай Арыстанов.

«Нұр Отан» партиясының ғимаратындағы кездесу тоқсан сайын өтеді. Ал апта сайын сәрсенбіде облыстық полиция департаментінің аппараты қабылдау жүргізеді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: