Мектептерді жылыту үшін қатты, сұйық отын жеткізіліп жатыр

Ауылдардағы мектептер жылыту маусымына дайындалып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Көмір, сұйық отын мектептерге жеткізіліп жатыр. Барлық ауылға отын 20 қыркүйекке дейін тасымалданады. Мектептердің бәрінде шағын жөндеу өтті, 33 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жасалды. Келесі жылы мектепті жөндеу жұмыстарына қомақты қаржы бөлінбек. Облыс әкімінің тапсырмасымен бөлінетін қаржы бірнеше есе өспек. Қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр», — деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: