Көлікті айдап әкеткен ұрылар бейнекамера көмегімен табылды

Бір тәуліктің ішінде ақтөбелік полициейлер екі ұрыны қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Шілденің 13-нен 14-не қараған түні Есет батыр көшесіндегі ауланың бірінде «Ваз-2107» автокөлігі айдап әкетілді. Бұл көлік Қобда ауылының кіребересінде бейнекамераға түсіп қалды. Полицейлер ұрланған көлікті тоқтатып, 24 жастағы ақтөбелікті ұстады.

Ал 14 шілдеде кешкісін мұғалжарлық тұрғын Ақтөбедегі жанармай құю бекетінен «Нива» көлігін айдап әкетті. Ол да бейнекамера көмегімен Ақтөбе-Астрахан тас жолында тоқтатылды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: