Ақтөбеде алаяқтық жасаған мемқызметкерлер сотталды

Ақтөбе облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының екі қызметкері 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің облыстық департаменті екі мемлекеттік қызметкерге қатысты істі тергеп, сотқа жіберді. Ақтөбе облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Талғат Қуанышев пен бөлім басшысы Қайрат Қанаев алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Іс материалдарына сүйенсек, мемлекеттік қызметкерлер алаяқтық жасап, өкілеттіліктерін асыра пайдаланып, компанияның 150 миллион теңгесін иемденді. Бұл ақшаға жобалау, құрылыс-монтаж жұмысын жасау лицензиясын электронды түрге ауыстыруға сұраған.

№ 2 Ақтөбе қалалық соты Т. Қуанышев пен Қ.Қанаевты 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Олар өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналыса алмайды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: