Мұнай компаниясы Арысқа 50 млн теңге аударды

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы қайғылы жағдай орын алған өңірге 50 млн теңге ақша аударды деп хабарлайды деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Компания басшысы іссапарда жүргеніне қарамастан қолдау көрсетіп жатыр. Сын сағатта халыққа көмек көрсетіп, 50 миллион теңге ақша аударды. Мұнай кен орнындағы жұмысшылар да жалақыларын аударады, түсіндіру жұмыстары басталды. Арыс қаласының тұрғындарына бар жақсылықты тілейміз», — деді «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы бас директордың орынбасары Тахталифум Есенғұлов.

Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында гуманитарлық көмек көрсету пункті ашылды. Байланыс үшін: 87073970342, 87076706842 телефондарына шыға аласыз.

Қаржылай көмекті мына есеп-шотқа аударуыңызға болады:

«ПАРЫЗ» Ақтөбе қоғамдық қоры

БИН 151040007445

ИИК KZ9777460KZ220318006

АО «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)»

БИК LARIKZKA

КБЕ 18

Мекен-жай: Ақтөбе қ., Тургенев көшесі, 86, тел. 416799, 8 771 183 38 37

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: