Ақтөбеде балаларды судан құтқарған жастар марапатталды

«Алау» жағажайында екі бірдей баланы құтқарып қалған Азамат Дәулетов пен Арман Балмағамбетовке қалалық жастар ресурстық орталығы атынан алғыс хат табысталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қаламызда орын алған ерекше оқиға кезінде ерлік көрсеткен жастардың бірі студент болса, екіншісі күзетші болып жұмыс жасайды. Екі бірдей баланы ажалдан аршалап қалған қос батыр жасағандарын ерлікке санамайды.

«Әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қала тұрғындарынан оң баға алған бұл оқиғадан соң орталық ойланбастан осындай батыл, ержүрек жастарды үлгі түту мақсатында марапаттауға ұсынуды жөн деп шештік. Оларға үлкен алғысымызды айтамыз»,- дейді қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Айнұр Мусаева.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: