Өңірге шетелден 16 мың бас ірі қара әкелінеді

Облысқа басқа елдерден 16 мың ірі қара мен 30 мың бас қой импортталады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Австаралиядан және жақын жатқан Беларусь, Ресей елдерінен етті бағыттағы ірі қара әкелінеді.

«Ақтөбеде жайылым жер жеткілікті. Қазір жердің 35 пайызы ғана қолданыста. Мүмкіндікті пайдаланып, жайылымды малға толтыруымыз керек. Жоспарға сай өңірге 5800 ірі қара әкелінді» — дейді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай.

Өңірде 492 мың бас ірі қара, миллионнан астам ұсақ мал мен 126 мыңға жуық жылқы бар.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: