Менингиттен сақ болыңыз!

Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен мамандар аурудың қаупі сейілмегенін ескертеді. Күннің күрт суытуы инфекцияның өршуіне себеп болуы мүмкін деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Бүгін қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары менингиттен сақтану жолдарын түсіндірді. Аурудың клиникалық белгілері тұмаумен бірдей. Оны тек анализ арқылы ажыратады.

«2019 жылдың 4 айында облыста менингококкты инфекция тіркелген жоқ. Өткен жылы 14 жасқа дейінгі екі баладан аурудың түрі анықталған болатын. Дене қызуыңыз 39 градустан жоғары болып, солқылдап басыңыз ауырса дереу дәрігерге көрініңіз»,-дейді қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Мұрат Мирманов.

Дәрігерлер әсіресе басын жуып, дұрыс кептірмей сыртқа шығатын адамдардың ауруға шалдығу қаупі жоғары екендігін ескертеді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: