Әлеуметтік топтағы ақтөбеліктер үшін салынатын тұрғын үй құрылысына 4,2 млрд теңге қарастырылған

Ақтөбе облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға 512 пәтер беру жоспарланған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін 1,5 млрд теңге бөлінген. Ал көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2,7 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сәулет-құрылыс басқармасының басшысы Нұрлан Иманалин мәлімдеді.

«Аз қамтылған отбасыларға 308 пәтер, көпбалалы отбасыларға 253 пәтер әзірленеді. Сонымен қатар қосымша дайын 70 пәтер сатып алынады. Бұл пәтерлер 2019 жылдың ІІІ-ІV тоқсанында беріледі деп жоспарланған», — деді басқарма басшысы Нұрлан Иманалин.

Сондай-ақ Нұрлан Иманалиннің сөзінше, көпбалалы отбасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатыса алады. Соған сәйкес пәтер 10 пайыздық алғашқы жарнамен жыл сайынғы 2 пайызбен несиеге беріледі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: