Түрмеден шыққандар жұмысқа орналасуға ақша таппайды

Олар үшін медициналық тексеруден өтіп, еңбек кітапшасын сатып алу да қиын, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбедегі өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына биыл жазасын өтеп шыққан 15 адам барды. Олар туған-туыстарына бармай, мемлекет ұсынған баспананы таңдады.
«Жазасын өтеуші барар жері болмаса орталыққа өтініш жазады. Жұқпалы ауруы болса кейде бас тартамыз, бірақ көбін қабылдаймыз. Қазір бізде 30-70 жас аралығындағы бұрын сотталғандар бар. Олар қоғамға зиян тигізеді деп айта алмаймын. Бәрінің не үшін сотталғаны, психологиялық көреткішімен таныспыз. Бір қиыны – ешқайсысында ақша жоқ. Жұмысқа орналасу үшін барады, еңбек кітапшасын алу, медициналық тексеруден өту секілді ақылы қызметті ала алмайды», — деді әлеуметтік бейімдеу орталығы директорының орынбасары Жалын Молдағалиев.

Қазір жазасын өтеп шыққан 6 адам жұмыс істеп жатыр. Ал біреуі колледжде білім алуда. Орталық 3 адамға құжатын жасатып берді.

«61 жастағы ер адамды жұмысқа жіберіп едік, көзім ауырады деп бас тартты. Тәртіпке бағынбаған адамдарды орталықтан шығарып жібере алмыз. Бірақ ол адам қаңғыбастардың санын көбейтеді. Сондықтан инспекторлар мен психологтар сөйлесіп, райынан қайтарады», — деді Жалын Молдағалиев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: