Түлектердің қоштасу кеші мектепте өтеді

Көрнекі фото

Мектеп бітіру кештерін мейрамханада өткізуге қатаң тыйым салынған. Бұл туралы білім саласына жауапты басшылар арнайы қаулы шығарып, мектеп басшыларымен таныстырып жатыр деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Білім және ғылым министірі еліміз бойынша қымбат мейрамханаларда кеш өткізуге тыйым салды. Ата-ананың қалтасына күш түсіретін отырыстардан қала мектептері да бас тартып жатыр.

«Мектеп бітіру кештеріне қатысты министр тапсырмасын барлығы естіді. Қоштасу кештері тек мектеп қабырғасында өтеді. Мейрамханаларға тыйым салып отырмыз. Осыған қатысты облыстық білім басқармасынан қаулы келді. Біз оны алдағы аптаға дейін барлық мектептерге таратып боламыз. Балалар аттестаттарын алып, ҰБТ тапсырған соң кәмелеттік жасқа толған балалар ретінде өз шешімдерін қабылдайтын болады»,- дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов.

Білім ошақтарында оқушылардың өздері, ата-аналары, ұстаздары дайындаған мерекелік коцерттер ғана өтеді.

Қалада 83 мектепте 1234 түлек бар. Олардың 156-сы алтын белгіден үміткер.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: