Ақтөбеге 150 жыл: Өз мерейтойы қарсаңында кәсіпкер жерасты жолын салып береді

Ақтөбелік кәсіпкер Төлеген Таңатаров қаланың 150 жылдығына сый жасайды. Ол жерасты жолын салып береді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай әр аудан сый жасайды. Кейбірі өзінің мерейтойынан бас тартып, қаланың проблемалы сұрақтарын шешпек. Ақтөбелік кәсіпкер Төлеген Таңатаров көпке үлгі осы ұсынысты берді. Жерасты жолы Ш.Берсиев көшесіндегі мектеп жанына салынады. Себебі, бұл жерде жол-көлік оқиғасы жиі тіркеліп, бір оқушы қаза тапқан болатын.

«Биыл барлық тойды қаланың 150 жылдығына арнаса жақсы болар еді. Тойға кететін шығын, кіріс соған кетсе керемет емес пе?! Сол жерде «Төлеген Таңатаров өзінің 70 жылдық мерейтойында Ақтөбенің 150 жылдығына сый жасады» деп жазып қойған жөн. Бұл бүкіл Қазақстанға үлгі болар іс. Өзге өңір қолдап, жалғастырса дейміз. Ата-ана баласы үшін бәрін жасайды. Дегенмен соңғы кезде тойларымыз тым шектен шығып бара жатыр. 600-700 адам шақырады, сыйлық береді. Ал мұндай игі іс адамның артында із қалдырады», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: