Рельс-арқалық зауыты жұмысшыларының денсаулығын нығайту үшін ақша аударып отыр

Облыс әкімдігінің бір топ өкілі Ақтөбедегі рельс-арқалық зауытында болды.

Өңір басшылары Ақтөбедегі рельс-арқалық зауытының жұмысшыларымен кездесу өткізді. Негізгі мақсат – әлеуметтік міндеттемелер мен Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуын қадағалау.

«Берілген тапсырмалардың орындалуына талдау жасау үшін алдарыңызға келдік. Өңірде экономикалық даму тұрақты. Көрсеткішімізде өткен жылдан ілгерілеу бар. Жергілікті билік жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын әрдайым назарда ұстайды. Рельс-арқалық зауытының жұмыс жасағанына көп бола қойған жоқ. Десек те өндіріс көлемі ұлғайып келеді. Ең негізгісі — жұмысшылар қатары сақталған, еңбекақы төлеу тұрақты. Зауыт басшылығымен қоян-қолтық жұмыстар жасалынып жатыр. Біз үшін жұмысшылардың жалақыны уақытылы алып, әлеуметтік жәрдемақылармен қамтамасыз етілуі маңызды», — деді Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбе рельс-арқалық зауыты — индустриялды-инновациялық дамуға үлес қосып отырған кәсіпорын. Мекемеде 800-ге жуық адам жұмыс істейді.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша ұжымдық шарттың орындалуы үшін 300 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Осының нәтижесінде кәсіптік қайта даярлау, біліктілікті арттыруға қомақты қаржы бөлінді. Қызметкерлердің денсаулығын қалпына келтіруге және демалысы үшін әр жұмысшыға 30 АЕК есебінде ақы төленді. 678 адамға жалпы сомасы 49 миллион теңгеге жуық ақша төленген»,- дейді Ақтөбе рельс-арқалық зауытының кәсіподақ төрағасы Ақниет Алданазаров.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: