Ақтөбелік кәсіпорын отбасы құрған жұмысшыларына ақша береді

Ақтөбелік кәсіпорын қызметкерлеріне жоғары деңгейде әлеуметтік қолдау көрсетіп отыр.

Ақтөбе рельс-арқалық зауытының кәсіподақ төрағасы облыс әкімінің алдында баяндама жасады. Кәсіпорын жұмысшылар алдындағы әлеуметтік жауапкершілік шарттарын толық орындаған.

«Жұмыс беруші ай сайын кәсіподақ ұйымына 0,5 пайыздық қаржы бөледі. Қызметкерлердің әлеуметтік мұқтаждықтарына бір жыл ішінде 12 млн-ға жуық қаражат бөлінді. Некеге отырған жұмысшыларға 50 АЕК көлеміндегі қосымша қаржы төленеді. Және балалы болған қызметкерлерімізге 20 АЕК көмек берілді. Өткен жылы нәрестелі болған 56 адамға жалпы сомасы 2 693 600 теңге қосымша қаржы төленген», — деді кәсіпорынның кәсіподақ төрағасы Ақниет Алданазаров.

Бұл деректер жұмыс берушінің қызметкерлері алдындағы әлеуметтік жауапкершілік жауапкершілік дәрежесін көрсетеді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: