Ақтөбеде танымал музыкант Момын Байғанинмен қоштасты

17 қаңтар күні Ақтөбеде атақты ақын Нұрпейіс Байғаниннің ұлы, күйші, домбырашы Момын Байғанинмен қоштасты. Азаматтық жаназасы қалалық мәдениет үйінде өтті.

Танымал музыкантпен қоштасуға жүздеген адам келді: достары, туыстары, таныстары, әріптестері және тіпті таныс емес кісілер де.

Момын Байғанин 81 жасында дүниеден озды. Ол өзінің бар өмірін өскелең ұрпақты рухани жағынан дамытуға, халық шығармашылығын насихаттауға, домбыраны дәріптеуге арнап, өнерде өшпес із қалдырды, мұны Ақтөбе облысының әкімі өз сөзінде атап өткен болатын.

«Момын аға асқан шебер орындаушы, қазақ халқы шығармашылығының баға жетпес туындыларының сақтаушысы. Қазақтың атын шығарған белгілі жыршы, күйші, композитор Нұрпейіс ағамыздың баласы -Момын ағамыз әкежолын әріқарай жалғастырып, қазақтын өнерінөсіп келе жаткан жастардың бойына сіңірді.Ағамыздың ең улкен касиеті –қарапайымдылығы, жүрегінің тазалығы. Оның жарқын бейнесі жерлестерінің жадында мәңгі қалады»,- деді Бердібек Сапарбаев.

«Ол жаны жарқын адам еді, ол өмірді жақсы көрді және барлық адамдарға мейірімді болды. Осы өмірге келгендегі міндетін орындағанына, яғни халқына қызмет еткеніне сенімдімін», — деді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, профессор Қайырғали Қожанбаев.

Момын Байғанин 1937 жылы 5 қазанда Темір ауданының Ақсай ауылында туған. Еңбек жолын 1957 жылы Ақтөбе облыстық Мәдениет үйінде халық аспаптары оркестрінің басшысы болып бастайды. Содан бері оның бүкіл өмірі өнермен байланысты болады. Момын Байғанин жоғары және орта оқу орындарына арналған екі томдық хрестоматия оқулығының, домбыра мен фортепьяноға арналған «Пьесалар жинағы»музыкалық еңбегінің авторы.

Үздіксіз әрі табысты еңбегі үшін «Білім үздігі», «Қазақ КСР ағарту ісінің еңбек сіңірген қызметкері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атақтарын иеленді.

Бүгінде шебердің жүздеген шәкірті ұстазының ісін жалғастырып, еліміздің түпкір-түпкірінде мәдениет саласы мен өнерде еңбек етіп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: