Ақтөбеде бір жылда кеңестік дәуірден қалған 87 көшенің атауы өзгерді

Қазіргі Әлихан Бөкейханов көшесі (бұрынғы атауы — Левон Мирзоян). Көрнекі фото: Azattyq.org

2017 жылмен салыстырғанда облыстағы идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар үлесі екі есеге азайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, өткен жылы ономастика комиссиясы жер-су атауларын беру туралы 176 ұсынысты қараған. Соның 155-іне оң шешім қабылданды.

Сондай-ақ 224 атау республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алды. Қазіргі таңда облыс топонимика кеңістігіндегі қазақ тіліндегі атаулар үлесі 93%-ды құрайды.

Еске сала кетейік, былтыр Ақтөбеде Мирзоян көшесі Әлихан Бөкейханов болып өзгертіліп, бір түнде Мирзоянның ескерткіші алынып тасталды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: