Ақтөбеде балабақшалар таңғы сағат жетіден бастап бала қабылдайтын болады

Көрнекі фото

Бердібек Сапарбаев тұрғындардан жиі түсетін ұсынысқа қатысты қала әкіміне тапсырма берді.

Облыс әкімі балабақша жұмысының таңғы сағат 7:00-ден кешкі 7:00-ге дейін жұмыс істеуін реттеуге қатысты өтініштің жиі түсетінін айтты. Ақтөбедегі рельс-арқалық зауытының жұмысшылары Бердібек Сапарбаевтың алдында осы сұрақты тағы көтерді.

«Менің жалғыз сұрағым бар. Бұл мәселені осыған дейін де қала әкімінің алдында көтерген болатынмын. Таңертеңгі уақытта балабақшалардың сағат 7:00-ден бастап қабылдау жасауын ретке келтіруді сұраймын. Өте қиын. Біздің жұмыс таңғы сағат 8:00-де басталып кетеді. Таңертең қиналып қаламыз», — деді рельс-арқалық зауытының инженері Айнаш Зейнолдина.

Жұмысшы сауалының орынды екенін айтқан облыс басшысы қала әкіміне тапсырма берді.

«Ілияс, осы сұрақты шешуіңізді сұраймын. Бұл дұрыс сұрақ. Балабақшалардың таңғы сағат 7:00-ден кешкі 7:00 уақытына дейін жұмыс істеуін реттеу керек деп ойлаймын. Жұмыстағы адамдар үшін тиімді болады»,- деді облыс әкімі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: