Ақтөбе-Орск тасжолын жөндеу биыл аяқталады

Көрнекі фото

Ақтөбе-Орск, Оңтүстік айналма жол құрылысы биыл аяқталады. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде айтылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе-Атырау тасжолының құрылысы биыл қарқын алады. Қандыағаш қаласынан Алға қаласына дейін жөндеу жүргізу жұмысы басталады. Жоспар бойынша биыл облыс бойынша барлығы 520 шақырымнан астам жол қалпына келтіріледі.

«Ақтөбе-Орск тасжолының соңғы 45 шақырымы жөнделіп, биыл пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Оңтүстік айналма жолды аяқтауымыз мүмкін», — деді облыс әкімінің орынбасары С.Төленбергенов.

Сонымен қатар, Орталық-Батыс тасжолы құрылысының нақтыланады. Бастысы -Ақтауға тасжолмен жету. Астана-Арқалық-Ырғыз-Шалқар-Қандыағаш-Мақаттан Атырау-Астрахань тасжолына шығып, Ақтауға жету.

«Өткен жылы Шалқардан Бозойға жол салына бастады. Биыл жалғастыруымыз керек. Хромтау-Бадамша жолы аяқталады. Аудан аралық, аудан ішіндегі жолдарға басымдық беріледі. Тағы бір жаңа жоба — Ақтөбе-Хромтау тасжолы. Бұл жол 4 жолақты болады», — деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: