Ақтөбенің әкімі кластастары күлкіге айналдыратын лақап атын айтты

Шаһар басшысы Ілияс Испанов неліктен 1-класқа 5 жасында барғанын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қала әкімі Ілияс Испанов балалық шағында өзінен 2 жас үлкен туған апасы Гүлзамирамен үнемі бірге жүретін. Апасы бірінші класқа барарда «Ілияс менімен барса ғана мектепке барамын» деп талап қойыпты. Ата-анасы бір айға Ілиясты Гүлзамирамен бірге жіберіп, мектепке баруды әдетке айналдырады деп ойлаған. Бірақ мектепке баруды тек Гүлзамира емес, Ілияс та қоймаған.

«Мектепті өзімнен екі жас үлкен балалармен бірге бітірдім. Мектепте химияны жақсы оқыдым. Менделеев кестесін жатқа білгендіктен мені бәрі «Менделеев» деп атап жүрді. Химия, физика, математика пәндерін жақсы көрдім. Ал гуманитарлық пәндерге аса қызығушылық танытпадым. Анам әдебиет пәні мұғалімі болса да қазақ тілі пәніне көңіл бөлмей кеттім», — деді Ілияс Испанов.

Әкімнің айтуынша, кластастарымен араласпайды екен. Себебі, әкесінің жұмыс бабымен әр ауданға көшіп, 7 мектеп ауыстырған. Оның үстіне, жұмыс уақытының тығыздығынан уақыты болмай жүр.

«Әпшем кластастармен араласады. Ал менің уақытым жоқ. Өздері іздеп, қоңырау шалатын кластастарға ғана хабарласам», — дейді қала әкімі.

Пікір қалдырыңыз