Ақтөбенің әрбір ауданына ағылшын тілін үйрету үшін шетелден ерікті мамандар келеді

Ақтөбедегі аудан оқушыларына арналған «English for jastar» жобасы биыл да жүзеге асады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Былтыр пилоттық тұрғыда алты ауданда жүзеге асырылған жоба биыл 12 ауданды қамтиды.

«Қалада ағылшын тілінен курстарға баруға болады, ал ауылдық жерлерде ондай мүмкіндік жоқ. Сондықтан «English for jastar» жобасын қолға алған болатынбыз. Былтыр Үндістан елінен келген ерікті сабақ берді. Биыл әр ауданды қамтимыз және жергілікті бір еріктіні жанына қосып жібереміз. Олар ағылшын тілін ауызекі сөйлеу кезеңіне дейін үйретеді», — дейді Ақтөбе облысы бойынша «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Асылжан Бүркіталин.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: