Ақтөбеде науқастарға жедел қызмет көрсету үшін тағы 22 көлік қажет

Жедел жәрдем қызметі 4-категорияға жататын шақыруларды емханаларға берді. Енді дәрігерлердің жедел жетуі үшін тағы 22 көлік керек, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Созылмалы дертке шалдыққан, арнайы есепке алынған адамдарды енді емхана қызметкерлері тексереді. Жедел жәрдемге қоңырау шалып, категориясы анықталса, қоңырау емханаға бағытталады. Кейін емхананың кезекші дәрігері шақыруға барады.

«Әрбір емдеу мекемесіне қосымша көлік керек. Есеп бойынша 22 көлік сұрап отырмыз. Жалға алуға болады. Бұған қаржы қажет»,- деді Әсет Қалиев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: