Ақтөбеде балабақша меңгерушісі күдікке ілікті

Көрнекі фото

Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облыстық департаментіне балалақша меңгерушісіне қатысты ақпарат түсті. Басшы жұмысқа адам алу үшін ақша сұраған. Агенттік өкілдері бұл ақпаратқа қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлайды.

«Кемшіліктердің барлығын бірлесе жоюымыз керек. Балабақшаға қатысты қазір бізде бір-екі дерек бар. Күні кеше ғана бір ақпарат түсті. Балабақша меңгерушісі ақы алып, жұмысқа қабылдауға келісім берген. Бүгінгі күні анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Айтайын дегенім, «меңгерушіге барсаң, келесуге болады» деген жағдайлар расқа шыққанын көруге болады. Мәселе Ұлттық бюромен бірге қаралады. Бұл жағдай туралы болашақта ашып айтатын боламыз. «Адалдық алаңы» жобасы кеше ғана ашылды. Осы жоба аясында қиындықтарды бірге шешу жұмыстарына күш салынып жатыр», — деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент өкілі Рафхат Бисенов.

Сонымен қатар, агенттік өкілдері білім басқармасының мамандарына балабақшадағы кезек тізімін ретке келтіріп, пәндік олимпиадалардың әділ өтуі үшін тәуелсіз сарапшылардың санын көбейту керектігін ескертті.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: