Сапарбаев денсаулық сақтау басқармасының басшысын өзгелерге үлгі етті

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласы бүгін жылды қорытындылады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің жұмысын көпке үлгі етті, деп хабарлайды Aktobnews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев жылды қорытындылады. Өткен жылы облыста 126 мыңнан астам адам ем қабылдады. Оның 33 мыңнан астамына операция жасалды. Жоғары технологиялы, күрделі ота саны 1300-ден асады. Бауыр салу бойынша 2, бүйрек ауыстырудың 7 отасы жасалды. Емхана, аурухана басшыларымен кездесу кезінде облыс әкімі жұмысты жалғастырып, кемшіліктермен жұмыс істеуге тапсырма берді.

«Республика бойынша Ақтөбе облыстық сақтау басқармасының жұмысы жаман емес. Бірақ біз барлық жағынан алдыңғы қатарда болуымыз керек. Бізге 7, 9 орын керек емес. Ақтөбеде бұрыннан медицина жақсы. Медициналық университет бар, Қазақстанның, көрші мемлекеттердің үздік дәрігерлері осы жерден шықты. Медициналық кластер кезінде көмек болады. Ақтөбеліктердің денсаулығын жақсартып, облысты көтеруіміз керек», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, кездесу кезінде екпе алмай жүрген ата-аталармен жұмысты жандандырып, дәрі-дәрмек бағасын заң аясында бақылау тапсырылды. Облыс әкімі Денсаулық саябағын ашып, сол жерде Гиннестің рекордтар кітабына енген ақтөбелік дәрігерлерге алғысын білдірді.

«Ақтөбелік дәрігерлер әлемде аты шығып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл оңай іс емес. Үндістанда қаншама халық бар, Ақтөбеде өзге. Екеуін салыстыруға болмайды. Күннің ыстығына қарамай 530 дәрігер қан қысымын өлшеп, кеңес берді. Әсет Қалиев өзге басқарма басшыларына қарағанда жақсы жұмыс істеп жатыр. Идеясы көп, ұсыныстары бар», — деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: