Ілияс Испанов Ақтөбе қаласын WhatsApp топтары арқылы бақылап жүр

Қаладағы шешілмеген мәселелерді WhatsApp мессенджерімен бақылап жүрген шаһар басшысы Aktobenews.kz тілшісіне телефонындағы чаттарын көрсетті.

Қала әкімінің смартфонында жұмысқа қатысты 18-ден астам WhatsApp тобы бар екен. Сол топта мүше болып отырған қала ұйымдары күн сайын әкімге фото есеп береді.

«Мәселен, қоқыс шығару бойынша «Тазалық» тобында есеп беріледі. Міне, басында қоқыс шашылып жатса, кейін «тазаладық» деп суретке түсіреді. Топтардың бағыты әр түрлі. «Қысқы күтім» тобы жолдың қардан тазартылуына жауап береді. Сондай-ақ, «Акимат Актобе» деген ең негізгі тобымыз бар. Мысалы, «Диапазоннан» сұрақ түскендігін жазады. Маған, қалаға қатысты кез келген материалды осы топқа жібереді», — деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Бұдан бөлек, шаһар басшысы туысқандарының тобы да бар екенін жасырмады. «Испановтар» және «Отбасы» деген топтары туралы айтты.

«Мәселен, кеше қарындасым «комитет төрағасы ауысып кетті» деп топқа жіберді. Ал «Отбасы» деген топта келіншегім, 4 балам отырады», — деді Ілияс Испанов.

Пікір қалдырыңыз