Ақтөбелік студенттер үшін биыл жатахқана салынады

Көрнекі фото

Биыл Ақтөбеде жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналып екі жатақхана салынады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыс бойынша 210 мың жас болатын болса, соның 58 мыңы студент.

«Студенттердің басты мәселелерінің бірі білім сапасы, екінші жатахқана мәселесі. Жеткілікті болғанымен қосымша құрылыс жүргізу қолға алынды. Жатақхана Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті мен Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенттеріне салынады. Арнайы жер телімі бөлінді. Осы жылдың көктемінде 500 орынға арналған тұрақтың алғашқы құрылыс жұмыстары басталады», — дейді Ақтөбе облысы бойынша жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов.

Қазіргі таңда қаладағы төрт жоғарғы оқу орнына 11 жатақхана тиесілі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: