Ақтөбеде шоқындыру мерекесіне байланысты суға шомылу орындары белгіленді

Көрнекі фото: sergiev.ru

Қала аумағында діни рәсім арнайы дайындалған 5 орында өткізіледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қаңтар айының 18-нен 19-на қараған түні суға шомылу рәсімі келесі орындарда ұйымдастырылады:
— Елек өзеніндегі «Болашақ» жағажайы, Тұрғындар қалашығы ауданы;
— Кірпішті ауылының көпірі жанындағы «Елек» жағажайы;
— Елек өзеніндегі «Жағажай-1» жағажайы, «Земснаряд» ауданы;
— Елек өзеніндегі «Семейный» жағажайы, Нокин-Жанқожа батыр көшелерінің қиылысы ауданы.

Жоғарыда аталған жағажайларға кіру тегін. Ал, Green Land, жағажайына кіру – ақылы.

Әрбір суға түсу орнында құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің кезекшіліктері ұйымдастырылып, жылыту пункттері, жарықтандыру қарастырылады.

Сонымен қатар, егер қала тұрғындары өз бетімен суға шомылатын жер жасап, рәсімді өткізетін болса жауапкершілікке тартылады.

Пікір қалдырыңыз