Ақтөбе қалалық маслихат депутаттарына студенттер көмекші болып бекітілді

Көрнекі фото. Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттары

Жас көмекшілерді анықтау барысында қалалық жастар ресурстық орталығы алдын-ала байқау өткізген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда маслихат депутаттарының жас көмекшісі ретінде 10 студент қабылданды. Қызмет ерікті түрде болғандықтан қоғамдық негізде жүзеге асырылады және еңбекақы төленбейді.

«Ақтөбе қалалық маслихатының қолдауымен өткен жылдың тамыз айынан бастап қыркүйекке дейін депутаттың жас қоғамдық көмекшісі байқауы жарияланды. Қаламыздағы жоғарғы оқу орнының студенттері қызығушылық танытып, құжаттарын тапсырды. Қалалық маслихат депутаттарының отырысы өткізіліп, жас көмекші болуға ниет білдірген студенттер шақырылды. Жастарды болашақ мамандықтарына сай әр депутатқа тағайындап, міндеттерін жүктеді», — дейді қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғанов.

Пікір қалдырыңыз