Бердібек Сапарбаев: Жастар жылы бос басқосулармен өтпеуі керек

Облыс басшысы биылғы жастар жылы бос басқосулармен өтпеуі керек екенін қатаң ескертті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Басқарма және департамент басшылары, жастар ұйымдарының қатысуымен өткен отырыста облыс әкімі бекітілген жылға байланысты атқарылатын шаралардың жоспарымен танысты.

«Жыл аяқталған кезде өзімізге есеп беруіміз керек. Жастар жылының Ақтөбе жастарына не берді деп. Барлық іс-шараларды бос басқосулармен есептеуге болмайды. Әрбір жұмыста өзінің көрсеткіші болады. Соны ай сайын көрсетіп отыруымыз керек», — деді өңір басшысы.

Көптеген ғимараттар мен спорт залдардың толығымен пайдаланбауы, дұрыс қадағалаудың жоқтығы тәртіптің көп бұзылуына әкеліп жатқанын да баса айтты.

«Күнделікті полиция департаментінен келген мәлімет бойынша төбелесетін, түнгі клуб пен кафе аралап құқық бұзатын көбіне жастар. Олардың ішінде кәмелетке толмағандар бар. Ең негізігі жұмыстарымыздың бірі де осы. Ақтөбенің жастары барлық жағынан да дамыған заманның талабына сай болу керек», — облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: