Ақтөбеде той сайын қораз төбелестіру сәнге айналды

Бұрын той жасағанда ат шаптырып, көкпар тарттырса, қазір Ақтөбеде қораз төбелестіру сәнге айналған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қораздардың жекпе-жегі үшін қатысушылар арнайы ұтыс тігіп, жеңгендері қой немесе кілемге ие болады. Ережесі бойынша 10 минуттан 12 раундқа созылатын сайыс енді дамып жатыр. Тіпті, қораз төбелестіру үшін ұтысы көп тігілетін Ақтау қаласына да барып келетін ақтөбеліктер бар екен.

«Мен баламның сүндет тойын жасайтын болсам қораз күрес беремін. Қатысатын қораздарға бөлек сыйлықтар дайындалады. Былтырғы жылдан бері ұйымдастырып келеміз. Күн жылынса жекпе-жектер көп болады. Алдыңғы жылы 70 мың теңгеге біреуін алып, үш сайыстан ақшасын шығарып алдым. Тағы бір чемпион қоразымды Шымкентке 100 мың теңгеге саттым. Қазір солардың балапандарын дайындап жатырмын», — дейді қораз өсіруші Бақтияр Темірзақов.

Пікір қалдырыңыз