Ақтөбеде шала туған нәрестелерге сыйлық жасаушы еріктілер саны артты

Ақтөбе қаласында жақсылық жасап жарысқан еріктілер саны күн санап артуда. Олардың ішінде шала туылған нәрестелерге арнайы тоқыма киімдер даярлайтын @club28petel_aktobe тобының бастамасын ерекше атауға болады. Еріктілер шала туған нәрестелерге тоқыма киімдерді тегін таратып жүр. Топ мүшелерімен 2018 жылы 500-ге жуық балаға киімдер жиынтығы үлестірілген.

«Біздің тобымыз еріктілерден құралған ұйым. Шала туған нәрестелерге арнап, тоқыма бұйымдар тоқимыз. Қазір қазақстандық дәрігерлер 500 грамдық нәрестелерді аман алып қалып жатыр. Мұндай балаларға тоқыма киімдер кигізудің пайдасы зор. Әр ай сайын шала туған нәрестелердің аналарына жиынтық сыйлаймыз. Біз Ақтөбе қаласында екі жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Қазақстан бойынша құрылғанымызға алты жыл болды. Сыйлық жасаған аналарымыз балалары өскеннен кейін қатарымызға қосылып жатады. Тобымызда 50 адам бар. Қатарымыз күн санап көбейіп жатыр. 2018 жылы 449 балаға арналған киімдер жиынтығын перзентханаға апардық. Кейбір тқымаларды жансақтау бөліміне арнап тоққимыз. Ал киімдерді аналардың өзіне береміз. Балалар үшін мұндай тоқымалар өте пайдалы. Олардың дамуына көп көмектеседі», — дейді қайырымдылық клубының жетекшісі Юлия Урекешова.

Перзентхана мамандары еріктілердің бұл бастамасына риза.

Пікір қалдырыңыз