Ақтөбеде қызметтік көліктерді жұмыстан тыс кезде пайдаланған басшылар жауапқа тартылып жатыр

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың Ақтөбеге арнайы келіп ашқан «Адалдық алаңы» жобасы жұмыс кездесуін өткізді. Мамандар басқарма басшылары және әкім орынбасарларына заң аясында жұмыс істеу керектігі ескертілді.

«Адалдық алаңы» жобасының міндеті өңіріміздегі азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады. Жоба мемлекеттік биліктің барлық саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған», — дейді мемлекеттік агенттіктің бас маманы Ақансері Ержанұлы.

Аталмыш жоба өткен жылдың желтоқсан айынан жұмысты бастап кеткен. Нәтиже бар.

«Жобалық кеңсе қызметкерлері қоғам белсенділерінің қатысуымен 2018 жылы жұмыс уақытынан тыс көлікті пайдалану фактілерін анықтады. Рейдтік жұмыс жүргізіп, нәтижесінде 9 құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта қосымша тергеу мен қызметтік көліктердің жұмыстан тыс кездегі қозғалысының не себепті болғаны анықталып жатыр», — дейді бас маман.

Пікір қалдырыңыз