Ақтөбеде гараж бен оның ішінде тұрған көлік жанып кетті

Ақтөбеде жеке үйдің гаражынан өрт шығып, көлік қоса жанып кетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде 14-нен 15 қаңтарға қараған түні гараждан өрт шықты. Гараж ішіндегі көлік те қоса жанып кетті. Сонымен қатар, үйдің шатыры өртенді.

«Өрт туралы ақпарат 22:17-де түсті. Барлығы 21 адам мен 6 көлік барды. Жану 23:10-да тоқтатылып, 23:50-де толық сөндірілді. Апаттар медицинасынан 3 адам және 1 техника барды. Зардап шеккен адам жоқ», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: