Қытайда көмір шахтасындағы жарылыстан 21 адам қаза тапқан

Көмір шахтасы және шахтерлер. Көрнекі сурет

Қытайдың солтүстігінде көмір шахтасы жарылып, 21 шахтер қаза тапты деп хабарлайды Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдарына сілтеме жасаған Азаттық.

Оқиға 13 қаңтарда елдегі басты көмір өндіруші аймақ — Шэньси провинциясындағы Шэньму елді мекенінде болған. 66 шахтер құтқарылған.

Қытайдың көмір шахталарында болатын апаттар саны соңғы он жылда күрт азайғанмен ондағы көмір өнеркәсібі әлем бойынша ең қауіпті сала күйінде қалып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: