Ойыл жастары тегін такси қызметі эстафетасын Байғанинге жолдады

Ойыл ауданының жастары бір күн бойы тегін такси қызметін ұсынды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ауданның белсенді жастары игі шарада бір күн бойы қызмет етті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарияларды қалаған жеріне жеткізу қайырымдылық шарасы Ойылда басталып, эстафета Байғанинге жолданды.

«Жастар жылын қайырымдылық жасаумен бастадық. Тегін такси қызметінен бөлек жалғыз қалған қарттарымыздың ауласындағы қарды күреп бердік. Акцияға қатысқан барлық жастарымызға ерекше алғысымызды айтамыз. Шара әлі де жалғасын таппақ. Осындай қайырымдылық акциялары тек Ойыл ауданында емес, облыс орталығында, басқа да аудандарда жалғасын тапса дейміз. Осы эстафетаны Байғанин ауданының жастарына жолдаймыз», — дейді Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Мейрамбек Музамелұлы.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: