Ақтөбеліктер Қазақстан Кубогімен суретке түсе алады

Екі күн бойы Кубок «Қоныс» спорт сарайында тұрады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Ақтөбе» футбол клубы баспасөз қызметінің мәліметінше, 12-13 қаңтарда «Қоныс» спорт сарайында шағын футболдан ойын өтеді. Ақтөбеліктер Қарағандының командасымен кездеседі. Ойын басталар алдында Қазақстан Кубогі халыққа таныстырылады. «Ақ-қызылдардың» кез келген жанкүйері Кубокпен бірге суретке түсе алады.

Ойын 12 қаңтар күні сағат 18:00-де, 13 қаңтарда сағат 16:00-де басталады.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың чемпионатында шағын футболдан «Ақтөбе» клубы Қазақстан Кубогі иегері атанған болатын.

Пікір қалдырыңыз