Ақтөбеде жедел жәрдем қызметінің мамандары сөйлеу мәнерін үйренді

Көрнекі фото

Ақтөбеде жедел жәрдем қызметі жоғары мүмкіндіктермен жұмыс жасауға көшті. Дәрігерлер мен фельдшерлер адамдармен байланыс жасауда сөйлеу мәнеріне көңіл бөле бастады. Ол үшін орталықтың бас дәрігерінен бастап арнайы курста оқыды.

«Дәрігерлерді оқыту, білімін жетілдіру жұмыстарына көп көңіл бөлініп жатыр. 105 дәрігер мен фельдшер медициналық университетте арнайы курстан оқытылды, мен де оқыдым. Адамдардың бір — бірімен қатынасы, сөйлесу мәнеріне көп көңіл бөлініп жатыр. Себебі қазір адамдардың психологиясы қиын. Диспетчер телефон тұтқасын көтергеннен-ақ адамдар дауыс көтеріп, балағаттайды. Қазір бригада барғанша кеңес беріп отыратын арнайы дәрігер жұмысқа кірісті. Ол арнайы бриагада барғанша телефон арқылы кеңес береді. «Қызуын өлшеңіз, свеча салыңыз, дәрігер жолда» деп хабарласып отыратын маман бар. Барынша жоғары деңгейде қызмет көрсетіліп жатыр», — дейді қалалық жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Марат Жанқұлов.

Пікір қалдырыңыз