Ақтөбеде 7 бала қызылша ауруын жұқтырды

Көрнекі фото

Ақтөбеде 7 бала қызылшадан емделіп жатыр. Дәрігерлер балалардың денсаулығы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы 7 балаға ем жүргізіп жатыр. Олардың бесеуі 1 жасқа толмаған.

«Қазіргі кезде екі бала ауруханадан шығып, бесеуі ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты. Негізі бір бала Ақмола облысына барып, сол жерде қызылша жұқтырып әкелді. Ақтөбеде басқа балаларға жұқтырды. Қызылшадан вакцина арқылы қорғануға болады. Екпе тек 1 жаста беріледі. Бес баланың жасы 1-ге толмағаны ескерілсе, ал 1 жастан асқан 2 балаға медициналық тұрғыдан вакцина беруге болмады», — деді Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Майра Нұрғалиева.

Айта кетейік, қызылша жұқтырғандар бір-бірін таниды, өзара араласады. Өткен жылы өңірде қызылша ауруы мүлде тіркелмеген.

Пікір қалдырыңыз