Жедел жәрдем барғанда есігін ашпайтын адамдар кездеседі – бас дәрігер

Көрнекі фото: fainaidea.com

Ақтөбедегі жедел жәрдем қызметі күнделікті 1500 қоңырауды қабылдаса, мерекеде бұл көрсеткіш екі есе артады. Әлі де жедел жәрдемді негізсіз шақыратын адамдар бар, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Жедел жәрдемге 1500 қоңырау түссе, оның 700-800-іне жедел жәрдем барады. Соның ішінде 25-30 шақыру негізсіз, нәтижесіз болып тұр. Яғни, жедел жәрдем бригадасына ешкім есік ашпайды, мекенжайы басқа, ондай адам тұрмайды, үйдің ауласында ит жүреді. Бригада айқайлап, шақырып, ешкімді шығара алмайды. Барған кезде «қажет емес, біздің жағдайымыз жақсы» деп айтатын жағдайлар де кездеседі», — деді жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Марат Жанқұлов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: