Жастар жылына орай Ақтөбеде 300-ден астам шара ұйымдастырылады

Жастар жылында Ақтөбе өңірі бойынша түрлі деңгейде 300-ден астам шара өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қазір жоспар толық бекітілді. Облыс деңгейінде атқарылатын шараларға көршілес Ресей және Әзірбайжан елдерінің жастары да өз үлесін қосады.

«Бір ерекшелігі халықаралық шаралар көп ұйымдастырылады. Бәрі облысымыздың көршілес жатқан елдермен және өңірлермен тығыз қарым-қатынасының нәтижесі. Орынбор, Баку қалаларынан жастар келіп, бізбен тәжірибе алмасады», — дейді Ақтөбе облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов.

Жоспар бекітілгенмен қала, аудан әкімдері және облыстық басқарама басшылары тарапынан ұсыныстар әлі де түсіп жатыр екен. Негізгі атқарылатын шаралар 12 бағыт бойынша жүргізіледі.

«Халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту, ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз ету, әскери-патриоттық тәрбие беру, қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде жастарды мәдени, азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу, салаутты өмір салтын қалыптастыру, отбасы құндылықтары, жастар кәсіпкерлігін, волонтерлық қозғалысты дамыту, әлеуметтік осал жастармен жұмыс, діни сауаттылық, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, жастарды жұмыспен қамту және кәсіби бағдар беру бағыттары аясында жұмыстар жүргізіледі», — дейді Нұрлан Күнтуов.

Пікір қалдырыңыз