Ақтөбенің орталығында жастар бас қосатын орын жоқ

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов мәлімдеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстағы жастардың бас жанашыры бұл мәселе алдағы уақытта шешімін табатынын айтты.

«Өңір басшысының тапсырмасына сай осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Өткен жылдың шілде айында біздің басқарма қайта құрылған болатын. Оған дейін кейбір жағдайларға байланысты жабылып қалды. 2019 жылдың соңына дейін жастар бас қосатын үлкен ғимарат болады деп жоспарлап отырмыз. Бұл тек басқарма немесе жастар ресурстық орталығы отыратын кішкентай ғана нысан емес, бұл облыс орталығындағы барлық жастарды, студенттерді, спортшыларды, шығармашылықпен айналысатын жастарды біріктіретін үлкен жастар ордасы болатынына сеніміміз мол», — дейді Ақтөбе жастар сасаты мәселелер басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов.

Айта кетейік, қаңтар айында Байғанин аудандық жастар ресурстық орталығы ғимаратының ашылуы болады. Құрылыс жұмыстарына 14,5 миллион теңге жұмсалды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: