Ақтөбелік жастарға халықаралық ұйымдар есебінен жалақы алатын жұмыс ұсынылады

Ресми деректер бойынша облыста 3 мыңға жуық жұмыссыз жас бар. Бұл көрсеткіш 3, 4 пайызды құрайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Арнайы санат бойынша жұмыссыз жастармен жаңа жоба жүзеге асырылады. Халықаралық ұйымдардың көмегімен жұмысқа орналасуға немесе кәсіп ашуға мүмкіндік бар.

«Жұмыссыз жастар жергілікті жерлерде жұмыс істейді. Бірақ алғашқы кезде оның жалақысы халықаралық ұйымдар есебінен төленеді. Кейін өзін жан-жақты көрсетіп, белсенділік танытса, жұмысқа алған мекеме жалақы төлейді. Егер жұмыс ұнамай шығып кетсе, одан әлеуметтік жоба сұраймыз. Жобасын комиссия мақұлдаса, несие алуына мүмкіндік туады. Кейін кәсібін жүргізеді», — дейді Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов.

Облыс бойынша 208 мың жас бар, оның 3,4 пайызы жұмыссыз.

Пікір қалдырыңыз