Ақтөбеде жедел жәрдем бригадасы iPad-пен жүреді

Көрнекі фото

Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем қызметіне iPad таратылды. Фельдшерлер науқастың картасын қағазға емес, iPad-қа жазады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде жедел жәрдем қызметі жаңа технологияны қолданысқа енгізді. Бұрын ұялы телефон, рациямен жұмыс істеген бригада шақыру мен мекенжайды iPad арқылы алып отырады.

«Телефон, рация әлі де бар. Бірақ цифрландыру бағдарламасы аясында iPad-қа басымдық беріледі. Науқасқа барған уақыт, алғашқы көмегі, үйден шығу уақыты мен ауруханаға жеткізілуі жазылады. Әр минуты жазылу тұрады. Бұл ақпарат сall-орталыққа түседі. Орталытағы gps навигациясы арқылы көліктің қайда тұрғаны, барғаны шығып тұрады», — деді жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Марат Жанқұлов.

Ақтөбе қалалық жедел жәрдем ауруханасында қазір 36 бригада жұмыс істеп тұр. Әр бригада жаңа технологиямен қамтамасыз етілген.

Пікір қалдырыңыз