Ақтөбеде суицид жасамақ болған ер адам төртінші қабаттан секіріп кетті

Оқиға Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Төртінші қабаттан секірген ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

«1 қаңтар күні сағат 17:30 шамасында қоңырау түсті. 30 жас шамасындағы ер адам алкогольге мастану жағдайында 4 қабаттан секіріп, бас ми жарақатын алды. Суицид жасамақ болған», — деп хабарлайды жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Марат Жанқұлов.

Мереке күндері қалада жедел жәрдем қызметіне 3000-ға жуық шақырту түскен.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: