Шалқар ауданының оқушылары балық аулаудан жарысты

Жыл сайын дәстүрге айналған «Жас балықшылар» сайысы биыл да ұйымдастырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Аудан әкімінің бастамасымен ұйымдастырылып жатқан шараға сегіз мектептен таңдаулы оқушылар атсалысты.

Сайыс Шалқар көлінің жағасында өтіп, бес сағатқа созылды. Қатарынан озып, қармағы көп балық қапқан қатысушылар алғыс хатпен марапатталып, түрлі сыйлыққа ие болды.

Жүлделі бірінші орынды №6 жалпы орта мектебі иеленсе, екінші орынға Ідіріс Үргенішбаев атындағы орта мектептің оқушылары лайық деп табылды. Үздік үштікті №4 мектептің оқушылары қорытындылады.

Ауа райы салқын болса да үшінші мәрте өткен жарыстың мақсаты — жастар арасында балық аулау спортын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттап, балықшылар қоғамын құру.

Пікір қалдырыңыз