Елбасының өмір жолымен танысу үшін 4 мың мұғалжарлық мұражайға келеді

Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов тұрғындарды Ақтөбе қаласына әкеліп, Елбасыға арналған көшпелі көрмемен таныстырып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

20 қаңтарға дейін аудан әкімі Ербол Данағұлов 4 мың мұғалжарлықты Ақтөбедегі облыстық тарихи-өлкетану музейіне әкеледі. Оның алғашқы легі, 1200-ге жуық адам өткен демалыста Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаева: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмесін тамашалады. Музейде түрлі тақырыптағы Елбасының құнды жәдігерлері қойылған.

«Аудан тұрғындары Ақтөбеге автобуспен, ГАЗельмен, жеке көліктерімен келді. Ешкімнен ешқандай ақы алынбады. Бәрі тегін болды. Ауданның бүкіл ауылдық округінің әкімдері, мұғалімдер, қарапайым тұрғындар музейге келіп, Елбасының еңбектері жайлы мағлұмат алды. 20 қаңтарға дейін мұғалжарлықтар тағы да келеді. Осылайша, 4 мыңға жуық адамды қамтуды жоспарлап отырмыз», — дейді аудан әкімі Ербол Данағұлов.

Пікір қалдырыңыз