Ақтөбеліктер 2018 жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 4,6 млрд теңге жарна аударған

Қазақстандықтар 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бүгінге дейін медициналық сақтандыру қорына 133 млрд теңге жарна аударған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысындағы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» 2018 жылда түскен қаражатты жариялады. Бір жылдың ішінде ақтөбеліктер қорға 4,6 млрд теңге аударған. Оның ішінде 4,5 млрд теңге жұмыс берушілерден түсті, қалған 111 млн теңге кәспкерлердің жарнасына тиесілі.

Жалпы, 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 4 қаңтары аралығында жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 133 млрд теңге жарна аударды.
Сақтандыру қорына түскен барлық қаржы Ұлттық банкте сақтаулы. Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенде қымбат дәрігерлік қызметтердің ақысы ортақ қордың есебінен өтеледі.

Айта кетейік, 2019 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер мен қарамағында жұмысшылары бар жеке кәсіпкерлер ғана жарна аударуға тиіс. Ай сайынғы жарнаның мөлшері – жұмысшы жалақысының 1,5%.

Ескерту, әзірше жұмысшының жалақысынан ешқандай ақша ұсталмайды. Жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер өз жұмысшылары үшін жарнаны өз қалтасынан шығарады.

Пікір қалдырыңыз