Ақтөбелік зейнеткерлер гимнастикамен айналыса бастады

Алға ауданында зейнеткерлердің спортпен шұғылдануы үшін арнайы гимнастика үйірмесі ашылған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Аудандық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен аптасына үш рет зейнеткерлер Есет батыр атындағы спорт кешеніне барып, спортпен шұғылданып жүр. Бүгінде тұрақты келіп, уақытын спортқа арнап жүрген егде жастағы әйелдердің саны артты.

«Біз бәрін «Анаға тағзым» акциясы аясында өткізіп жатырмыз. Акцияның мақсаты — қоғамымызда аналар беделін көтеру, құрметке лайық аналарымыздың өмірін насихаттау, оларды бүгінгі жастарға үлгі ету. Зейнеткерлер саналы ғұмырының басым бөлігін жұмысқа, отбасына арнайды. Олар қиналған кездерінде де босаңсып, әлсіздік көрсетпейді. Енді балалары өсіп, әрқайсысы бір-бір үй болған уақытта өздеріне көңіл бөлетін уақыт келді. Әдемі қартаюдың жолы — спорт», — дейді ұйымдастырушылар.

Пікір қалдырыңыз