Ақтөбеде көзі нашар көретін жандар жаңа цех ашты

Көрнекі фото: kapital.kz

Шағын және орта бизнесті дамытуда ақтөбелік жарымжан жандар белсенділік танытуда. Ақтөбеде қазақ соқырлар қоғамы жанынан жаңа өнеркәсіп іске қосылды. Зағип жандар табиғатты ластамайтын қапшықтар жасауды қолға алды.

«Қоғам қызметкерлері жеңіл өнеркәсіппен айналысады. Тұрмысқа қажетті төсек жаймалар, сүлгі, қолғаптар тігеді. Сонымен қатар, қатырма қағаздардан бұйымдар әзірлейді. Жақында экопакеттер әзірлейтін жаңа цех іске қосылды. Жұмысшылардың барлығы көзі нашар көретіндер. Олар еңбекқор, жұмыс істеуге деген құлшынысы жоғары. Енді біздің жұмысшылар жасаған табиғи пакеттер қолданысқа кеңінен еніп, сұраныс жоғары болады деген сенімдеміз. Жұмысшылар жаңа цехта арнайы тігін машиналарында отырады. Шағын өндірістік кәсіпорында техникалық қауіпсіздіктер сақталған», — дейді қазақ соқырлар қоғамының басшысы Дәметкен Жолмағамбетова.
Қоғамда 40 адам жұмыс жасайды. Олардың 70 пайызы көру қабілетіне байланысты І және ІІ топ мүгедектері.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: