Ақтөбеде газ баллоны жарылып, бір отбасы баспанасыз қалды

4 қаңтар күні Ақтөбе қаласындағы саяжайлардың бірінде өрт шықты. Үй иесі салқындап қалған шағын газ баллонды үйге кіргізгеннен кейін жарылыс болған. Қазір баспанасы қақырап, жарамсыз болып қалған отбасы туыстарының үйін паналап жүр.

«Ас бөлмеден газ баллоны атылды. Жарылыстан үйдің қабырғалары құлап қалды. Қыс ортасында далада қалып отырмыз. Жарылыс кезінде біз үйден терезені сындырып шықтық. Атамның беті күйіп қалды», — дейді үйдің келіні Әсел Омарова.

Жарақат алып, ауруханаға түскен ер адамның денсаулығы қалыпты.

«Ер адам беті мен екі қолынан І, ІІ дәрежелі күйік алған. Жағдайы орташа ауырлықта», — деді дәрігер травматолог Әділбек Қаражанов.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, мереке күндері қаламызда тағы екі бірдей баспана өртке оранған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: