Арменияның үздік футболшысы ақтөбелік клубпен арадағы еңбек шартын ұзартты

Өткен маусымда Қазақстанның үздік сұрмергені атанған Маркос Пизелли «Ақтөбе» футбол клубы сапында тағы да тер төгеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубы мен армениялық жартылай қорғаушы Маркос Пиззелли арадағы келісім-шарт мерзімін тағы бір жылға ұзартты.
Қаңтар айының орта тұсынан бастап толық құрам Түркия елінде өтетін жаттығу кезеңіне қатысады.

Естеріңізге саламыз, Пиззелли өткен маусымда Қазақстанның үздік ойыншысы, Қазақстанның үздік сұрмергені, ең үздік голдың авторы атанған еді. Сонымен қатар, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Арменияның ең үздік футболшысы болды.

Пікір қалдырыңыз